Тілдер мерекесі !
Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай, КММ «№45 ЖББМ»-де дәстүрлі Тілдер мерекесі аталып өтті. Бұл іс-шара ел бірлігі мен рухани байлығын дәріптейтін, әр ұлттың тілі мен мәдениетіне деген құрметті арттыратын маңызды мерекелердің бірі болып саналады.
Мерекелік шара барысында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерде өлеңдер оқып, көріністер қойып, әндер орындады. Әр сынып өз шығармашылықтарын ортаға салып, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін таныстырды. Оқушылардың тілге деген қызығушылығы мен құрметі ерекше байқалды.
Шараның мақсаты — мемлекеттік тілді насихаттау, сонымен қатар ұлттар арасындағы достық пен сыйластықты нығайту.
Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтіп, тіл – халықтың жаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

В КГУ «ОШ №45» прошёл праздник языков
В честь Дня языков народов Казахстана в КГУ «Средняя школа №45» состоялся традиционный Праздник языков. Это важное мероприятие, направленное на укрепление единства народа, уважение к культуре и языкам всех этносов нашей страны.
В рамках праздника учащиеся читали стихи, ставили сценки и исполняли песни на казахском, русском, английском и других языках. Каждый класс проявил свою творческую инициативу, представляя особенности культуры различных народов. Особенно заметен был интерес и уважение детей к языковому многообразию.
Цель мероприятия — популяризация государственного языка, а также укрепление дружбы и взаимопонимания между народами.
Коллектив школы и учащиеся провели этот день ярко и содержательно, ещё раз подтвердив, что язык — это душа народа.